Әлем • 16 Маусым, 2025

Израиль шабуылдарынан 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Израильдің соңғы үш күндегі әуе шабуылдарының салдарынан 70-тен астам әйел мен бала көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Израиль шабуылдарынан 70-тен астам әйел мен бала қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жалпы құрбан болғандар саны 220 адамнан асып, олардың қатарында 14 ядролық физик бар екені нақтыланған.

Айта кетейік, шабуыл кезінде Ислам революциясы сақшылар корпусының барлау қызметінің басшысы Мухаммад Каземи мен оның орынбасарының қаза тапқаны расталған.

Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ирандағы 720-дан астам әскери нысанға соққы берілгенін, соның ішінде қару-жарақ өндірісімен айналысатын объектілер нысанаға алынғанын хабарлады. ЦАХАЛ баспасөз қызметі бұл операцияның кең ауқымды шабуыл толқынының аяқталғанын мәлімдеді.

Аймақтағы ахуал ушығып, халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылық артып отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше