
Жобаны Ұлытау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Архдизстрой» ЖШС әзірлеген. Құрылыстың барлық шығынын Болат Өтемұратов қоры өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек.
Жаңа Оқушылар сарайы заманауи сәулеттік және білім беру стандарттарына сай болады және өсіп келе жатқан ұрпақтың қабілеті мен талантын дамытуға арналған маңызды алаңға айналады. Жоба – өңір жастарының білімді, белсенді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Құрылысты 2025 жылдың тамыз айында бастау жоспарлануда.