Заң • Бүгін, 11:38

Батыстағы үш облыста браконьерлерге 21,5 млн теңге айыппұл салынды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында «Бекіре – 2025» кеңауқымды балық қорғау акциясы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Батыстағы үш облыста браконьерлерге 21,5 млн теңге айыппұл салынды

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, балық қорғау акциясы 1 сәуір-31 мамыр аралығында өтті.

«Бұл акция Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы Жайық-Каспий су бассейнінің айдындарында бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілді. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары мен шекара қызметінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 1125 фактіні анықтады. Балық қорғау заңнамасына қайшы әрекет жасаған 867 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Браконьерлік және сирек кездесетін, жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз аулау дерегімен 33 қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларға 21,5 млн теңге айыппұл салынды», деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 4 тонна 505 келі балық тәркіленген. Оның ішінде 1 тонна 330 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 2,006 келі қара уылдырық бар. Браконьерлерден 202 балық аулау құралы, 44 су көлігі алынған.

«Жайық-Каспий су бассейнінің арналарында сүзу жұмысы жүргізілді. Соның нәтижесінде су айдындарынан 661 заңсыз балық аулау құралы табылды», деп мәлім етті инспекцияның баспасөз қызметінен.

Атырау облысы