Қылмыс • Бүгін, 09:28

Сенген қойым сен болсаң...

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың қалалық соты облыстағы ЖШС бірінен 34 млн теңгенің тұқымдық дәндерін ұрлаған екі қылмыскерге 5,6 жылдан бас еркінен айыру жазасын берді, деп жазады Egemen.kz.

Сенген қойым сен болсаң...

Ұрылар алыстан келмеген. Өткен жылдың маусым айының екі түнінде қырман меңгерушісі өзінің сыбайласымен бірігіп, қоршаулы аулаға жүк автомашинасын кіргізіп, 34 млн теңгенің тұқымдық дәндерін артып алып, ұрлап кеткен. Сөйтіп, әрқайсысы әділетті жазаларын алды.

Ал бөгде көліктің кіріп, оның жүк тиеп шыққанын көрген, алайда ешкімге айтпағаны үшін күдіктілер қатарында айыпталған күзетші жазадан босатылды. Өйткені ол қырман меңгерушісінің өзіне тікелей бағынады екен.

ПЕТРОПАВЛ