Бизнес • Кеше

Ертіс бойының диірменшілері қиын жағдайға қалып отыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір өңір бойынша небәрі 8 диірмен жұмыс істейді. Оның өзінде нысандардың жүктемесі 30 пайыздан аспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертіс бойының диірменшілері қиын жағдайға қалып отыр

Павлодар облысының қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Жанар Серімованың айтынша, аймақта 21 диірмен бар. Алайда соның тек 8-і ғана жұмыс істеп тұр.

-Жұмыс істеп тұрған диірмендер небәрі 30 пайыз жүктемемен табыстарын әрең тауып тұр. Бұл – тұрақты шикізаттың жетіспеуінен. Біздің кәсіпорындар жыл он екі ай бойы бидай сатып алуға дайын, бірақ ол бізге жетпейді. Арзан бағадағы қазақстандық бидай Ауғанстан мен Өзбекстанға экспортқа кетіп жатыр. Ал отандық қайта өңдеушілер нарықтан тыс қалуда. Жағдайдың ушығуына Ресей ұнының басымдылығы да әсер етуде. Біз бидайдың экспортын қолдаймыз. Бірақ бидайды ұнға айналдырып сату тиімдірек емес пе? Қазір барлық нарықтар ресейлік ұнға толы. Біздің сала 14 жылдан бері дамымай, бір орында тұрып қалғандай. Кезінде облыста 150 диірмен болатын. Қазір оның жартысы мал азығына арналған ұн ғана шығарады,-дейді ол.

Кәсіпкерлердің сөзінше, қосылған құн салығын қайтару да күрделі болып тұр. Бірақ ең бастысы - шикізаттың тапшылығы.