
Зерттеушілер мұхит тұзын ауаға шашу арқылы Күн сәулесін кері қайтармақшы. «Reflect» атты ғылыми жобаның мақсаты – теңіз үстіндегі бұлттардың жарықтығы мен шағылыстырғыштығын арттыру. Ол үшін арнайы құрылғылар арқылы теңіз тұзының ұсақ бөлшектері ауаға шашылады. Бөлшектер бұлттардың құрамына қосылып, оларды «ағартуға» сеп болады. Ақ бұлттар Күн сәулесін көбірек шағылыстырып, Жер бетіне түсетін жылу мөлшерін азайтады деген есеп бар. Ғалымдар зертханалық жағдайда және ашық теңізде тәжірибе жүргізуді жоспарлап отыр.