Әлем • Кеше

Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірер сағат бұрын Иран Израиль аумағына 100-ден астам дрон жіберген. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуеге көтерілген дрондарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран Израильге 100-ден астам дрон жіберді

Фото: Ашық дереккөз

Reuters агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы шиеленістің ушығуына байланысты мұнай бағасы бірден 9%-ға көтеріліп, баррелі 75 доллардан асып түскен.  

Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, Тель-Авив халықаралық әуежайы уақытша жабылған. Денсаулық сақтау жүйесі де жоғары дайындық режиміне көшіп, ауруханаларда қосымша орындар әзірленіп жатыр.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, тұрғындар азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктерді жаппай сатып алып жатыр. Сауда орындарында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Соңғы жаңалықтар