Қазақстан • Кеше

Су саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, (1 қыркүйектен бастап күшіне енеді). Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Өзгерістер – сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған», деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, былтыр сала министрлігі «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға көтерген.

Соңғы жаңалықтар