Өнер • Кеше

«Би керуені» оңтүстікке келді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан, Шымкент қалаларында Мәдениет және ақпарат министр­лігінің қолдауымен «Салтанат» мемле­кеттік би ансам­блінің 70 жыл­дығына арналған «Би керуені» атты концерт өтті.

«Би керуені» оңтүстікке келді

Кештің шымылды­ғы «Ел салтанаты» би қойылымымен ашыл­­ды. Балет әртістері мың бұ­рала билеп, қазақ және әлем халық­тарының биін асқан ше­бер­лікпен орындады.

Аталған іс-шараға Түркіс­тан облысы әкімінің орынба­сары Ертай Алтаев арнайы қатысып, би ұжымын 70 жыл­дық мерейтойымен құт­тық­тады. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тер­геп-тексеру департаменті бас­шы­сының орынбасары Мұрат Оспанов өз кезегінде бірқатар маманға Алғысхат табыс­тады. Мәде­ниет қайраткері, биші Ұлжан Мұс­та­фаева да алыстан ат тер­летіп кел­ген би ұжымына ізгі лебізін арна­ды. Ал ансамбль директоры Елубай Кенжалиев жи­нал­ған өнерсүйер қауым­ға алғысын біл­д­­ірді.

Кеш барысында әнші Өмірқұл Айниязов «Түр­кіс­тан», «Қазақстан – атамекенім» ән­дерін шырқады.

Айта кетейік, биыл «Сал­танат» мемлекеттік би ансам­бліне – 70 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтойға орай алғаш рет «Би керуені» атты жоба еліміздегі тарихи, мәдени тұрғыдан аса маңызды орын алатын киелі Түркістан қаласынан бастау алды. Көрермен ерекше әсерге бөленіп, өнер ұжымына құрмет-қошемет көрсетті.

Ансамбльдің балет әртіс­тері гас­трольдік сапар кезін­де Түркістан қа­ласының тұр­ғын­дарымен Димаш Құдайбер­­ген орын­дайтын «Тау ішінде» әні­не флеш­моб түсірді. Атал­ған ансамбль өскелең ұрпақ­қа ғажа­йып өнер арқылы жас­тардың ұлттық патриот­тық сана-сезімін қалыптастыру жолында аянбай өнер көрсетіп
келеді.

«Би керуені» жобасы аясында Түркістан мен Шымкент қала­ларында шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, өңірдегі би ұжымдарына тәжірибелі мамандар би өнерінің қыр-сырымен бөлісті. Шеберлік сағатына Түркістан қаласынан 200, Шымкент қаласынан 100-ден аса хореограф қатысты. Әр қатысушыға тегін сертификат табысталды. Бұл жоба күзде Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан өңірінде жалғасады.

 

Алуа Мұратханқызы,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті

Соңғы жаңалықтар