
Фото: Ашық дереккөз
Аталған кәсіпорындар мұнай өндірісінен шыққан қалдықтарды арнайы бекітілмеген аумақтарға рұқсатсыз төгіп, қоршаған ортаны ластаған.
Экология департаментінің жоспардан тыс жүргізген тексеруі нәтижесінде, аталған компаниялардың экологиялық нормаларды өрескел бұзғаны белгілі болды. Олар жобалық құжаттаманы экологиялық сараптамадан өткізбеген, қажетті экологиялық бағалау жүргізбеген және қалдықтарды заңсыз төгіп, топырақтың құрамын бұзған.
Айта кетейік, Karabatan Utility Solutions компаниясы соңғы екі жыл ішінде экологиялық заңнамаларды бұзғаны үшін 14 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеген.
Қазір бұл фактілер бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдап, мамандар мен құқық қорғау органдары бұл істің барлық мән-жайын тергеп жатыр.