
Фото: spark.ru
Qazsporttv мәліметінше аталған нәтижеге Сана Анарқұлованың ойынға қатыспауы әсер етті. Еске салайық, волейболшы Иранмен өткен ойында жарақат алған еді.
Осылайша, В тобынан жартылай финалға Филиппин 13 ұпаймен бірінші, Қазақстан екінші орынмен жолдама алды.
Ұлттық құрама жартылай финалда турнир қожайындарымен кездеседі. Былтыр отандастарымыз дәл осы құрамаға финалда есе жіберген.