
«Өткен аптада Президентке қатысты жариялаған кейбір жазбаларыма өкінемін. Олар шектен шыққан екен», деп мәлімдеді Маск, Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Бұған дейін Илон Маск АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің жазбасын бөліскен болатын. Вэнс өз жазбасында Bloomberg агенттігінің ақпаратына сүйеніп, Маск үкімет саласындағы жұмысына байланысты өз дәулетінің 25 пайызынан айырылды деп атап өткен болатын.