
- Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта 2025 жылдың күз айларында алауы тұтанатын VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының делегация басшыларына арналған семинар өтті. Жиын барысында ұйымдастырушылар әлемнің әр қиырынан жиналған 50-ден астам мемлекет спортшыларының басын қосатын дүбірлі додаға дайындық жұмысы қазіргі кезде қалай жүріп жатқаны туралы толық ақпарат берді. Семинар барысында тұрақтау, көлікпен қамтамасыз ету, логистика, аккредитация үдерісі, медициналық және допингке қарсы қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жарыстың маңызды жаңалықтарының бірі – ойындар бағдарламасына екі жаңа спорт түрі – бокс пен дуатлон енгізілді.