
Роботтар әртүрлі тапсырманы орындауға және адам берген бұйрықты түсініп, жүзеге асыруға қауқарлы болмақ. Мұндай роботтардың қоймада атқаратын негізгі міндеттері – жүк көліктерінен тауар түсіру, жөндеуді қажет ететін бөлшектерді анықтау және күрделі логистикалық жұмыстарға икемделу. «Amazon»-ның мәлімдеуінше, бұл жаңашылдық логистикадағы жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, көмірқышқыл газының таралуын азайтады.