
Компания басшысы Дженсен Хуангтің айтуынша, ЖИ инфрақұрылымы алдағы уақытта интернет сияқты әлемнің барлық түкпірін қамтитын болады. Бұл жүйелер графикалық және орталық процессорлардың ең озық түрлерін – «GB200», «GB300», «Rubin» архитектурасын қолданатын «Kyber» жүйелерін пайдаланады. Бұлар бұрын-соңды болмаған есептеу қуатын береді. «Nvidia» қазіргі таңда Тайваньда, АҚШ-тағы Аризона мен Техаста, Сауд Арабиясында жаңа ЖИ фабрикаларды салу бойынша әріптестік келісімдер жасап үлгерген.