Аймақтар • Кеше

Демалыстың берері көп

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы аума­ғындағы әр ауданның өзіндік табиғи ерекшелігі бар. Мысалы, Отырар ауданының оқушылары таулы аудандарда демалғанды қалайды. Осы орайда Түлкібас ауданы Келтемашат шатқалында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру лагері алғашқы ауысымына отырарлық 153 баланы қабылдады.

Демалыстың берері көп

Биылғы жазғы демалыста Отырар ауданының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 31 жалпы білім беретін мектептен 1 050 бала­ны жіберу жоспарланып отыр. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс істейді. Ал «Машат-Арасан» лагерінде биыл Созақ ауданынан 450 бала тынығады. Демалыс ай­мақтарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген, яғни бей­не­­бақылау камералары орнатылып, кәсіби күзет қызметі жұмыс істейді. Жауапты мамандар лагерьге келген әрбір оқушыны адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбие­леп, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, саламатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімде­рін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыруға баулитынын айтады. Ол үшін лагерьде тәрбиеші, психолог, медбике және пән мұғалімдері жұмыс атқарады. Лагерьдің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақ­са­тында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексерілетін болады. Оқушылар 5 мезгіл тамақ­пен қамтамасыз етіледі. Жалпы, оқушылардың жаз­ғы де­ма­лысын тиімді әрі ма­­ғы­­­­­­налы өткізуіне бар­лық­­ жағ­­дай жасалған.

нг

Ал Мақта­арал ауданында «Бала­лар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жанындағы жазғы сауықтыру лагері күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Ғимараттың шатыры, едені, терезелері мен есіктері толық ауыстырылып, қазіргі заман тала­бына сай жаңғыртылған. Асха­­­­на­­сы сырланып, санитар­лық-гигиеналық та­лап­қа сәй­кес­тендірілді. Бала­лар­дың жа­й­­лылығы үшін жаңа жуы­ну бөл­ме­лері орнатылды. Жазғы мау­сымда бұл лагерь 8 ауысым бо­йынша 1 500-ге жуық баланы қабылдап, әрқай­сы­сына 10 күндік демалыс ұйым­дас­­тырады. Лагерьде балалар үшін мәдени-спорттық шара­лар,­ шығармашылық үйір­ме­лер, интеллектуалдық ойындар, эко­логиялық және тәр­бие са­ға­­т­­­тары өткізу жоспар­ланған.

 

Түркістан облысы