Аймақтар • 10 Маусым, 2025

ШҚО-да суару каналы тазартылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде жалпы ұзындығы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да суару каналы тазартылды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Нақты атағанда, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, Күршім учаскесінде 37,7 шақырым канал тазартылған.  

Енді тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарға алынып отыр.

Аталған филиалдың директоры Нұржан Әміржановтың айтуынша биыл вегетация маусымы өңірде 10 күн ерте басталды.

«Қазіргі уақытта облыста суару кезеңі белсенді фазасы жүріп жатыр. Шаруалармен суармалы су беру жөнінде 290 келісімшарт жасалды», деді Н.Әміржанов.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025