Аймақтар • 10 Маусым, 2025

Абай облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Фото: Ашық дереккөз

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 104 жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы мақсатты түрде пайдаланылмағаны анықталған. Жер пайдаланушылар заң талаптарын өрескел бұзған.

«Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың га және кадастрлық құны 516 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды», делінген хабарламада.

Бұл шаралар ҚР Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жүктелген тапсырмалар аясында жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне беру бағытында жұмыстар атқарып келеді.

Прокуратура бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше