Аймақтар • Бүгін, 14:46

ШҚО-да орманда жоғалған зейнеткер табылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі орманда адасып кеткен қарт әйелді бір тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да орманда жоғалған зейнеткер табылды

68 жастағы Черемшанка ауылының тұрғыны дәрілік шөп теру үшін автобуспен Өскемен бағытындағы Зимовье ауылына жақын орман алқабына кеткен. Алайда, кешке үйге оралмаған. Келесі күні ол жақындарына қоңырау шалып, орманда адасып кеткенін және кері жолды таба алмай қалғанын хабарлаған.

Іздестіру жұмыстарына бірден полиция мен құтқару бөлімшелері, еріктілер мен ауыл азаматтары жұмылдырылды. Барлық мүмкін ресурстар пайдаланылды: мобильді топтар, дрондар, радиобайланыс құралдары.

Белсенді іздестіру жұмыстары басталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде, кешке қарай әйел адам орман ішіндегі төбенің етегінен табылды. Ол қатты шаршап, бағыт-бағдардан айырылған, бірақ аман-есен болған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақындарына тапсырылды.