Қоғам • Бүгін, 10:36

Ерлік ескерусіз қалмады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бөгеттер мықты болып қала мен ауыл-селоларға су кірмеді демесеңіз Солтүстік Қазақстан облысында Есілдің биылғы тасқыны да қатты болды, деп жазады Egemen.kz.

Ерлік ескерусіз қалмады

Барлық әлеуетті күштер мен волонтерлердің, мемлекеттік органдардың жұмыла кіріскен жанкешті еңбектерінің арқасында ғана биыл әйтеуір тасқынның шектен шығуына жол берілмеді.

Осы күресте ерекше көзге түскен Ұлттық Ұлан мен Полиция департаментінің 36 қызметкері мен курсантарына сенбі күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өзінің және ІІМ Алғыс хаттары мен наградаларын тапсырды. «Сіздер табиғат апатына қарсы ерен ерліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Сіздердің ерліктеріңіз ондаған ауыл-селоны су басудан сақтап қалды. Отан алдындағы міндеттеріңізді осы қарқынмен жалғастыруларыңызға тілектеспін», деді әкім.

ПЕТРОПАВЛ