Аймақтар • 07 Маусым, 2025

Ақмола облысында су қоймаларын көпфакторлы тексеру жұмыстары басталды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы Краснобор және Есіл су қоймаларында, сондай-ақ Преображенск гидроторабында көпфакторлы тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады Egemen.kz.

Ақмола облысында су қоймаларын көпфакторлы тексеру жұмыстары басталды

Бұл жұмыстарға геологиялық, гидрологиялық және геодезиялық зерттеулер, су түбі мен жаға сызықтарын зерделеу, су ортасының жағдайын талдау сияқты кешенді шаралар кіреді. Тексеру кезінде заманауи және сапалы құрылғылар — георадарлар, сонарлар және басқа да жабдықтар қолданылып жатыр.

Биылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша 134 гидротехникалық нысанды көпфакторлы тексеруден өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, былтыр Қазақстанның 14 облысында 84 нысан тексерілген еді. Бұл бастапқы жоспардан да көп болды.

«Ақмола филиалы бұл жұмыстарды биыл мамыр айында бастаған. Көпфакторлы тексеру — бұл гидротехникалық нысанның пайдаланылу барысында қандай күйде екенін анықтау үшін жүргізілетін толық әрі кешенді талдау», – деді «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының директоры Ербол Әскербеков.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше