Қазақстан • Кеше

Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті әкімшіліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстанда биыл егіс дер кезінде жүргізіліп, толық аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Айта кеткен жөн, биыл егіс жұмыстарын қаржыландыру (700 млрд теңге) алғаш рет дала жұмыстары басталғанға дейін алты ай бұрын басталды.

Диқандардың жеңілдетілген қаржыға қолжетімділігін арттыру мақсатында қарыз сомасының 85%-на дейін кепілдік беру механизмі іске қосылды.

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизинг арқылы алу көлемі 250 млрд теңгені құрады. Бұл машина-трактор паркін жаңартуға және көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық мерзімдерде, жоғары технологиялық тиімділікпен жүргізуге елеулі әсер етті.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары 23,7 млн гектар жерге орналастырылды. Сонымен қатар, егістік алқаптардың құрылымын әртараптандыруға ерекше назар аударылды. Бұл ретте егін айналымының ғылыми негізделген нормалары, климаттық тәуекелдерге төзімділік және нарықтық үрдістер ескерілді.

Нәтижесінде өнімділігі жоғары және сұранысқа ие дақылдардың егіс көлемі ұлғайды: майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға артық), мал азықтық дақылдар – 3,3 млн гектар (114 мың гектарға артты), дәндік жүгері – 167,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.

Аталған егіс алқаптары елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше