Сенат • Кеше

Мәулен Әшімбаев: Құндылықтар дін мен дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Құрбан айт мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде құттықтауы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәулен Әшімбаев: Құндылықтар дін мен дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі

Фото: Ашық дереккөз

«Құрметті достар!

Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – адамдарды адалдыққа, имандылыққа және жанашырлыққа шақыратын қасиетті мейрам. Осы күндерде жақсылық жасауға, қамқорлық танытуға және ізгі амалдар істеуге баса мән беріледі. Мұның бәрі қоғамда мейірім мен ынтымақтың нығая түсуіне ықпал ететін игілікті істер екені анық.

Құрбан айтта дәріптелетін құндылықтар дін мен дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі. Сондықтан осы мерекенің ұлттық мүдде тұрғысынан да маңызы зор.

Тағылымы мен тәлімі мол мейраммен құттықтай отырып, тәуелсіз Қазақ еліне құт-береке және әр отбасына амандық тілеймін!

Ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!», делінген аталған құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше