Қоғам • Кеше

Шерзаттың өліміне әкелген пышақ соққысын Абзал Шынасыл жасаған - Сот

30 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың ісі бойынша қылмыс жасаған тоғыз адамға қатысты үкім шығарды. Айыпталушыларға адам өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық және ұрлық баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шерзаттың өліміне әкелген пышақ соққысын Абзал Шынасыл жасаған - Сот

Соттың анықтағаны

Соттың анықтағаны бойынша, 2024 жылдың 4 қазанында Д. Әскентай мен Ш. Полаттың арасында Ш. Полаттың әкесі Қ. Нұрымовқа дөрекілік танытты деген себеппен жанжал туындаған. Жанжал барысында Полат Әскентайдың бетіне бірнеше мәрте соққы жұмсаған.

Бұдан кейін Әскентай телефон арқылы өзінің досы – сотталушы Н.Тоқтаубаевты шақырады, ол дүкенге кәмелет жасқа толмаған Ы.-ның басқаруындағы машинамен келген. Тоқтаубаев келе салысымен өзінің танысы – сотталушы Ш. Белгожаевты шақырған.  

Өз кезегінде, Нұрымов өзінің туған інісі Н.Гаипбаевты, ал оның ұлы Полат кәмелет жасқа толмаған достарын (2006 ж.т. М.-ны, 2008 ж.т. М.-ны және 2007 ж.т. М.-ны) шақырған.

Арада 10-15 минут өткен соң оқиға орнына сотталушылар А.Тоқтаубаев, Н. Ильясов, Р. Сакиев, Ш.Белгожаев, А.Шынасыл, одан басқа Д. Жақсыгелді мен Э.Нұрбекова келген. Бұлардан басқа, дүкеннің маңына Д. Қалиахмет, С.Абдықадыр мен Д. Мұратов та келген.

Соттың анықтаған деректеріне сәйкес, әрі қарай, аталған адамдардың арасында орын алған ерегіс топтық төбелеске ұласқан.

«Кикілжің кезінде, Шынасыл кәмелет жасқа толмаған 2006 ж.т. М.-ның жақ тұсынан бір соққы жасайды (денсаулығына жеңіл зиян келтірілген), Сакиев Гаиповтың бетіне бір соққы жасайды. Калиахмет те Гаипбаевқа соққы жасауға әрекеттенген кезде, А.Тоқтаубаев пен Н.Ильясов Гаипбаевқа қарсы пышақтарымен қол бұлғайды. А.Тоқтаубаев Нұрымовтың желке тұсынан таспен ұрады, Шынасыл Кадированы (Полаттың әжесі) итеріп жібереді», делінген хабарламада. 

Төбелес кезінде Шынасыл кәмелет жасқа толмаған Шерзат Полаттың кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұғып алады. Айта кетейік, 2024 жылғы 11 қаңтардағы №173 сараптаманың қорытындысына сәйкес, Шынасылдың пышақ соққысы Шерзат Полаттың өліміне себеп болған. 

Бұдан кейін, Шынасыл мен Сакиев Гаипбаевтың оң жақ жамбасының тұсына пышақпен сұғылмалы-кесілген жарақат келтіреді. Ильясов Гаипбаевты мылтықтың діңімен ұрып тастайды, сондай-ақ Г. Бейшембиеваның (анасы) оң жақ қолының тұсынан соққы жасайды (денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген).

Күдікті Әскентай, Н. Тоқтаубаев, Белгожаев, Ильясов, Сакиев, Шынасыл топ болып Гаипбаев пен Полатқа қол-аяғымен соққылар жасап, жарақаттар келтірген (денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген).

Бұдан басқа, А.Тоқтаубаев оқиға орнынан Гаипбаевтың ұялы телефонын ұрлаған. Шынасылдың пышақ сұғып алған әрекеттерінің салдарынан келтірілген жарақаттардың нәтижесінде Полат Талғар қаласының Орталық аудандық ауруханасында көз жұмған.

Қалған жәбірленушілердің денсаулықтарына жеңіл дәрежедегі зиян келтірілген. Кәмелет жасқа толмаған Ы., оқиға орнында бола тұра, болған жағдайларды бақылап отырған. Шынасылдың пышақтар мен қаруды сүртіп жатқанын көрген.

Соттың айтуынша, сотталушылардың кінәсі дәлелдемелердің жиынтығымен, яғни жәбірленушілердің жауаптарымен, куәлардың жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен бекиді.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор сотталушыларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, оларға сәйкесінше мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер мен олардың өкілдері барынша қатал жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушылар кінәларын жартылай мойындап, олардың іс-әрекеттерін жеңілірек қылмыс құрамына қайта саралауды сұрады.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Болаттың ісі бойынша қылмыс жасаған тоғыз адамға қатысты үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03