Білім • Кеше

Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім - 100 новых лиц» айдары аясында маңғыстаулық талантты оқушыны көпшілікке таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстаулық оқушы минутына 17 мың сөз оқиды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Самир Валерийдің қабілеті көпшілікті таңдандырды. Министрліктің мәлімдеуінше, оның оқу жылдамағы минутына 16-17 мың сөзге жетеді. 

Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмайтын. Алайда жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында көрсеткішін едәуір жақсартқан. 

Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесіп жатыр. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде «Жыл оқушысы» атағына ие болған.
«Самир - сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді», делінген министрлік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03