Білім • Кеше

Магистратураға құжат қабылданады

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

1 маусымнан магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының «app.testcenter.kz» сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

Магистратураға құжат қабылданады

Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақ­паратына сүйенсек, шығарма­шылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжаттарды қабылдау осы жылғы 1 маусым мен 8 шілде ара­лығында жоғары және (немесе) жоға­ры оқу орнынан кейінгі білім беру ұйым­дарымен жүзеге асырылады.

Тіркелу кезінде түсуші тестілеуді тапсыру қаласын өз еркімен таңдайды. Түсушілер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (8 шілдеге дейін) берілген өтінішке өзгерістер (тестілеуді тапсыру қаласын, дайындық бағытын, білім беру бағдарламаларының тобын, тестілеуді тапсыру тілін өзгерту) енгізе алады. Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы мен тестілеу тапсыру қаласы өзгертілмейді.

Тестілеуді өткізу орны (пункт), күні және уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 14 шілдеде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық магистра­тураға түсу үшін кешенді тестілеу элек­тронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бо­йынша тест, оқуға дайындығын анық­тауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Тестілеуге 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл, оның ішінде шет тілі бойынша кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде  7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл.

Бейінді магистратураға түсуге ниетті түсушілер тек білім беру бағдар­ламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша кемінде 7 балл құрайды.

Сондай-ақ бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері ла­уазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес ма­мандығы бойынша кемінде 10 жыл ең­бек өтілі бар тұлғалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комис­сиялары өткізетін әңгімелесу нәти­желері бойынша ақылы негізде қабылданады.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03