Мирас • Кеше

Көкпектідегі көне кітапхана

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкпектідегі көшпелілердің көне кітапханасын естігеніміз болмаса, көрмеген едік. Әуелі естігенде таңғалғанымыз рас. Күмбезді көне кесене 1850 жылдары Көкпекті өңірінде өмір сүрген ауқатты бай Апырымнан қалған мұра деседі.

Көкпектідегі көне кітапхана

Дала кітапханасы Көкпекті ауданындағы Биғаш ауылынан 15 шақырым жерде, Апырым қыстауының аумағында орналасқан. Алты қырлы кесененің биіктігі шамамен алты метр. Сәулеті бөлек. Кісі жерлеген жердің сыртына екі метр биік тастан қорған салып, оның үстіне екі метр биіктікте ағаш діңгектер орнатылып, шатыр жабылған. Ал шатырдың үстіне биік күмбез тұрғызылған. Кесенеге керек тасты алыстан тасуға біраз күш жұмсалғанын байқауға болады. Өйткені маңайда ешқандай тұяқ түртер жоқ.

«ХІХ ғасырдың басында өмір сүр­ген Апырым бай оқымысты адам болыпты. Ол кісі оқыған кі­тап­та­рын ел игілігінен де аямапты. Өзі өмір­ден өтерінде ұрпақтарына ке­­сенесі-нің шатырынан кітап қоя­тын орын шығарып, оған барлық кітабын киізге орап орналастыру­ды аманаттапты. Жаз жайлауы ­Ал­тай болғандықтан, алысқа адамдар кітап іздеп сабылмасын деп кесене ша­ты­рына дала кітапханасын сал­ғызған. Ұрпақтары елге керекті кітап­тарды киізге орап, кесене ша­ты­рына қойып кетеді екен. Оны біле­тін оқымысты­лар кесенеден керек кітабын алып, қайта апарып қо­йып отырған», ­дейді жергілікті өлке­­танушы, тарих­шы Қайрат Мәлі­қаждар.

Дала кітапханасының дәстүрлі үрдісі кеңес заманында жойылған көрінеді, ал кітаптарды кім алып кеткені белгісіз. Әйткенмен, жер­гілікті жұрт бұл кітапханадан талай оқымысты кітап алғанын айтады.

 

Абай облысы,

Көкпекті ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03