
Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев пен Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұрым Ысқақов маусымның ашылуымен құттықтап, жастарға сәттілік тіледі.
«Биылғы еңбек маусымында облыс бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 700-дей жас азамат жұмысқа тартылады. Оның ішінде: Жезқазған мен Сәтбаев қалаларынан -150, Қаражал қаласынан - 165, Ұлытау ауданынан - 90, Жаңаарқа ауданынан - 70 азамат жұмыспен қамтылмақ. Жастар көгалдандыру, абаттандыру, сенбілік және экологиялық акциялар сынды қоғамдық жұмыстарға тартылып, жазғы демалысты пайдалы өткізеді деп сенемін», деді Б. Жайлаубаев.
Қоғамдық жұмыста жастар біркелкі 700 дана фирмалық экипировкамен қамтылады.
Ұлытау облысы