Оқиға • 04 Маусым, 2025

Астанада тұрғын үйдегі өрттен 100-ге жуық адам эвакуацияланды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 4 маусымға қараған түні «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Жалпы өрттің аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада тұрғын үйдегі өрттен 100-ге жуық адам эвакуацияланды

Фото: Ашық дереккөз

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 6-дан 16-қабатқа дейінгі аралықта орналасқан жылу оқшаулағыш материалдар мен 14-қабаттағы балкон отқа оранған.

ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 01:30-да оқшауланып, 02:00-де толық сөндірілген. Оқиға орнына ТЖД-ның 45 қызметкері мен 13 техника бірлігі жұмылдырылған.

100-ге жуық адам өз бетімен эвакуацияланған, тағы 15 адам арнайы техника көмегімен шығарылды.