Оқиға • 04 Маусым, 2025

Атбасар темір жол станциясының бастығы ірі көлемде пара алған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атбасар темір жол станциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атбасар темір жол станциясының бастығы ірі көлемде пара алған

Фото: Ашық дереккөз

«Аталған тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында шенеуніктің станциядағы кірме жолға иелік ететін жекеменшік компания басшысынан 6 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сонымен қатар, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғаны айтылған. Алайда бұл мәліметтер расталмаған.