Сенат • 03 Маусым, 2025

Сенатта энергетикалық инфрақұрылым туралы заң таныстырылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенатта 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Сенатта энергетикалық инфрақұрылым туралы заң таныстырылды

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Бұл құжат еліміздің энергетикалық қуат көздері мен инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған. Жалпы құны 6 трлн теңгеден асатын 29 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың қатарында қуаты 7,3 ГВт болатын энергия көздерін салу мен жаңарту, сондай-ақ 86 мың шақырым коммуналдық желілерді жаңғырту бар. Негізгі мақсат желілердің тозу деңгейін 50%-дан төмендету, жылу, электр, су беру және су бұру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету.

Сенаторларға алдағы жобаларды қаржыландырудың негізгі тетіктері таныстырылды. Жобаларды іріктеу үдерісі үш кезеңнен тұрады: алдымен техникалық сараптама жүргізіледі, кейін қаржыландыру шарттарының алдын ала мақұлдануы қаралады, соңғы кезеңде инвестициялық бағдарламалар бекітіледі. Барлық іске асыру үдерісі интеграцияланған цифрлық платформалар арқылы жүргізіледі.

Заңға енгізілетін өзгерістер осы ауқымды міндеттерді орындауға құқықтық негіз қалыптастырып, отандық өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамтуды арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға және экономиканың өсуіне жаңа қарқын беруге ықпал етеді.