
Фото: Polisia.kz
Қостанайда өткен халықпен кездесуде облыстық полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы жұмыс қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, 45 келіден астам есірткі тәркіленіп, 8 заңсыз зертхана жойылған. 96 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Отбасылық зорлық-зомбылық фактілері көбейгенімен, 2000-нан астам агрессор жауапқа тартылып, қорғау шаралары қабылданған. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 27%-ға төмендеген. Ал жол-көлік оқиғалары төрт есе өсіп, 492 адам зардап шеккен.
Polisia.kz хабарлауынша облыста 1000-нан аса бейнекамера жұмыс істейді, жасанды интеллект пилоттық режимде қолданыла бастады. Атты полиция жасағының орнына енді дрондар қолданылады.