Шаруашылық • 03 Маусым, 2025

Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасып жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған облыс аумағында шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау шаралары 14 мамырдан басталып, науқан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес жалғасып жатыр

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Шаралар бекітілген жоспарға сәйкес, авиациялық, жерүсті техникасы мен дрондарды тарта отырып жүзеге асырылып жатыр. Бүгінге дейін 330 мың гектардан астам аумақта мониторинг жүргізіліп, 27 мың гектардан аса жерге химиялық өңдеу жасалған. Аталған жұмыстарды салалық ведомстволар мен мердігер ұйымдар үйлестіріп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шеңгелді ауылдық округінде көшпелі кеңес өткізіп, науқан барысымен жеке танысты. Мердігер ұйымдардың өкілдері мен ауыл шаруашылығы саласының мамандарына ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, химиялық қорғаныс құралдарымен үздіксіз қамтамасыз ету, зиянкестердің жаңа ошақтары анықталған жағдайда жедел әрекет ету тапсырылған.