Медицина • 02 Маусым, 2025

Елімізде «инфаркт жасарып келе ме»

90 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары БАҚ беттері мен қоғамда «Инфаркт жасарып келеді» деген тіркес жиі жарияланып, талқыланып жүр. (1, 2, 3) Бұл медиа-өкілдерінің алдын ала қаққан дабылы ма? Қоғамның осы мәселе төңірегіндегі қорқынышына нақты қандай негіз бар? Фактчекинг негізіндегі бұл материалымызда осы сауалдарға Қазақстандағы үрдіс пен әлемдегі тенденция аясында жауап береміз, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде «инфаркт жасарып келе ме»

Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде жыл сайын шамамен 17,9 миллион адам жүрек-қан тамырлары тобына жататын дерттен көз жұмады. Бұл топқа: жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық ауру, ревматикалық жүрек ауруы және басқа жағдайларды қамтитын жүрек және қан тамырлары аурулары жатады. Жүрек-қан тамырларынан болатын бес өлімнің төрттен астамы инфаркт пен инсультке байланысты. Осы дерттен көз жұмғандардың үштен бірі 70 жасқа дейінгі азаматтар. Ұйым зерттеуінше, жүрек ауруы 20 жыл бойы бүкіл әлем бойынша өлімнің басты себебі болып отыр.

Қазақстанда инфаркттің шынында жасару үрдісі байқала ма? Анықтау нысанына кейінгі 10 жылдық 2014-2024 жылдар аралығын таңдадық.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған сандерекке сай 2014 жылы 1001 азамат көз жұмған. Оның ішінде 4-уі -18-29 жас аралығындағылар. 2023 жылы бұл көрсеткіш осы жас санатында 12 адамға жетсе, былтыр жалпы саны 1658 адами қаза тапқан, 18-29 жас аралығындағы азаматтардың біреуінің өліміне инфаркт себеп болған. Ал 30-39 жас аралығындағы көрсеткіштер 2014 жылы – 21, 2024 жылы – 42 адамға жеткен.

2014-2024 жылдар аралығындағы «Инфаркт» (I21) диагнозымен «Бекітілген халық тіркелім» АЖ қайтыс болғандар туралы ақпараттың жалпы дерегі мынадай:

 аа

2014 жылы «Жедел миокард инфарктісі» (АХЖ-10) «I21» диагнозымен  тәулік бойы істейтін стационарларда емделген науқастардың ішінде 5757 адамның жас көрсеткіші 18-59-ды құраған. 2024 жылы 18-59 жас аралығындағы 8333 адам жедел миокард инфарктісімен науқастанған.

2014-2024 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы бойынша «Жедел миокард инфарктісі» (АХЖ-10) «I21» диагнозымен  тәуілік бойы істейтін стационарларда емделген науқастардың саны туралы ақпарат:

 вв

Министрлік мәліметінше, Жедел миокард инфарктісімен сырқаттанушылар 100 мың адамға шаққанда 2014 жылы 62,1 пайызды құраса, 2024 жылы 125, 6 пайызға артқан. Демек, елімізде инфаркттің жасарып келе жатқаны - ақиқат.