
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Халықаралық сауда, транзиттік тасымалдар мен жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 2030 жылға дейін 37 шекаралық нысанды кезең-кезеңімен қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Компания Қазақстан-Қырғыз және Қазақстан-Ресей шекараларында алты басым жобаны іске асыруға кіріскен. (Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пункттері).
Алдағы уақытта атқарылатын тағы алты жоба: Тасқала, Үрлітөбе, Құрманғазы, Ақсай, Қайрақ және Камышановка пысықталып жатыр.
Өткізу пунктерін жаңғырту аясында көліктерді, азаматтар мен сауда өкілдері үшін шекарадан қолайлы әрі тез өтуге жағдай жасалады.
Сондай-ақ,бағдарлама шекара маңында орналасқан аймақтардың дамуын ынталандырып, республиканың халықаралық көлік дәліздеріне ықпалдасуын күшейтеді.