Бокс • 02 Маусым, 2025

Қазақ боксшылары халықаралық турнирді 5 алтынмен аяқтады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың Бангкок қаласында 24 мамырда басталған Thailand Open 2025 дәстүрлі халықаралық турнирі 1 маусымда мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ боксшылары халықаралық турнирді 5 алтынмен аяқтады

Фото: Qazsporttv

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Таиланд және тағы да басқа елдердің былғары қолғап шеберлері қатысты. 

Thailand Open турнирінде Қазақстан құрамасы боксшылары 5 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлде жеңіп алды.

Ерлер:

70 келі Төрехан Сабырхан (алтын).

80 келі Диас Молжігітов (алтын).

50 келі Нұрзат Оңғаров (қола).

55 келі Нұрсұлтан Алтынбек (қола).

65 келі Дулат Бекбауов (қола).

85 келі Бекзат Таңатар (қола).

90 келі Данияр Рахымбердиев (қола).

 

Әйелдер:

60 келі Виктория Графеева (алтын).

70 келі Наталья Богданова (алтын).

80+ келі Елдана Талипова (алтын).

75 келі Надежда Рябец (күміс).

80 келі Гүлсая Ержан (күміс).