Қоғам • 02 Маусым, 2025

Павлодарда жетім балаларды тасымалдауға жаңа көлік берілді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Асайын Байханов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсететін 8 мекемеге шағын автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жетім балаларды тасымалдауға жаңа көлік берілді

Фото:Валерий Бугаев

Жаңа шағын автобустарға Павлодар мен Кенжекөл ауылындағы «Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары», «Жас ұрпақ» КМҚК, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау өңірлік орталығы, сондай-ақ Павлодар, Екібастұз, Шақат және Успен елді мекендеріндегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталықтары ие болды.

Мекеме басшылары балалардың мәселелеріне назар аударылғаны үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, жаңа көліктер олардың қамқорлығындағы жандарға көмек көрсету мүмкіндіктерін едәуір ұлғайтатынын атап өтті.

«Біз үшін бұл жай ғана көлік емес, бұл мейірімділіктің жаңа бағыттары, балалардың әлеуметтенуі мен толыққанды өмір сүруі үшін мүмкіндіктер. Көрсетілген қолдауға өте ризамыз»,  деп атап өтті Екібастұз қаласындағы «Үміт» балаларды қолдау орталығының басшысы Нағима Әбдірахманова.

 Павлодар облысы