
Демалыс орны Ш. Ділдебаев атындағы Мәдениет үйінің қарсы бетінде орналасқан.
Жобаның жалпы құны 650 миллион теңгені құрайды. Бұл қаржыға кең көлемді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қалалықтар үшін қолайлы әрі заманауи демалыс орны жасақталды. Аумағына өрнектас төселіп, ағаштар мен жасыл желек отырғызылды. Балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Орындықтар, жарық шамдары және шағын сәулет нысандары қойылды.
Жаңа нысанның басты ерекшелігі – интерактивті құрғақ субұрқақ. Бұл субұрқақ жазғы ыстық күндері балалар мен ересектердің сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.
Сәтбаев қаласының әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы ынтымақтастықты жалғастырып, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды әрі қарай да жалғастыра береді.
Ұлытау облысы