Алматы • 31 Мамыр, 2025

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсіміне қатысып, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Қарағайлы скверінде өткен еске алу іс-шарасына қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, сондай-ақ қаладағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
 
«Бүгін біз қуғын-сүргін мен ашаршылық кезінде қаза тапқан ата-бабалардың рухы алдында адами және азаматтық борышымызды өтеу үшін жиналдық. Бір минуттық үнсіздік – есте сақтаудың, құрметтің және сабақ алудың белгісі. Біздің міндетіміз – өткеннің ауыр кезеңдерін есте сақтай отырып, бүгінгі бірлік пен бейбітшілікті бекемдеу», - деді Дархан Сатыбалды.
 
Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.
 
Іс-шарадан кейін әкім Алматы әкімі қалалық мәслихат депутаттарымен және қоғам өкілдерімен әңгімелесті.
 
АЛМАТЫ