
Сурет: Sputnik Кыргызстан
Бүгін Джорджа Мелони ханым аймақтағы 5 елдің мемлекет басшыларымен кездесті. Сондай-ақ Еуропа елдерінің жетекшілерімен де жүздесулер болды. Осы кездесулер Орталық Азиядағы бірқатар мәселені дұрыс шешуге көмектесіп, оңтайлы шешімдерге бастайды деп сенемін. Қарым-қатынас жиілеген сайын жағдай да дұрыстала береді.
Қазір ауған халқының саны 40 миллионға жетті. Жұмыссыздық мәселесі ушығып тұр. Бұл проблема тезірек шешімін таппаса аймақ қиын жағдайда қалады. Әйткенмен, қазір Ауғанстанда қолға алынған бағдарламалар бар. Соның бірі – трансауғандық жол. Ол Қырғызстан мен Өзбекстанды төте байланыстырып, Ауғанстан арқылы Пәкістанға алып шығады. Бұл бағытпен Қазақстан да Пәкістанның теңіз порттарына шыға алар еді. Ұзақмерзімді инвестиция саналатын осы жоба ауған жастарының арасындағы жұмыссыздық мәселесін біршама жеңілдетті.
Осындай күрделі мәселелерді талқылауға мүмкіндік тудырған форум аймақтың бейбіт дамуына көп септігін тигізеді деп санаймын.
Роза Отунбаева,
БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының басшысы