Қоғам • Кеше

БАҚ пен соттың бірлескен іс-қимылы

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Консти­туциялық Сот ап­параты мен «Бас редакторлар клубы» қоғам­­­дық бір­лес­тігі өзара диа­логті жал­ғастыра отырып, кон­­­с­ти­­­ту­­ция­лық ба­қы­лау органы мен ме­диа қоғам­дастық ара­­сындағы ын­­ты­­­мақ­­тастықты да­мы­туға бағыт­талған мемо­ран­думға қол қой­ды.

БАҚ пен соттың бірлескен іс-қимылы

Конституциялық Сот төраға­сы­ның орынбасары Бақыт Нұрмұханов қол қо­йылған құ­жат тек тарап­тардың ресми келі­сімін ғана емес, сонымен қатар аза­мат­тардың құқықтық мәдениетін дамыту мен олардың құқық­тық сауаттылығын арттыру жо­лындағы ортақ жауапкер­шілікті білді­ретінін атап өтті.

«Жариялылық пен ашықтық қағи­­даттары – консти­туциялық бақылау орган­­дары қызметінің ажы­рамас бөлігі. Біз негізгі ха­лық­аралық орган­дардың ұсы­нымдарын қоса алғанда, жал­пы­ға бірдей стандарттар­­ды дәйек­­ті түрде ұстанамыз»,
деді ол.

Бас редакторлар клубының пре­зиденті, Парламент Се­натының депу­таты Бибігүл Жексенбай бұқара­лық ақ­па­рат құралдарының консти­туциялық бақылау ор­ганы мен қоғам арасындағы байланыс­­­тырушы буын ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың объек­тивті әрі жан-жақты ақ­­паратқа қол­жетімділікті қам­тамасыз ете­тінін айтты. Сена­тордың айтуынша, қазіргі уақытта клуб құрамында шамамен 300 медиаменеджер бар. Олар­дың басым бөлігі өңірлерде жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде ақпа­раттың таралу аясын кеңейтіп, жергілікті жерлер­дегі хабар­дар­лықты арттыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында тараптар Конституцияның 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлт­тық іс-шаралар жоспарын іске асыруға ерекше назар аудар­­ды. Конституционализм идея­ларын ілгерілету, аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау, сон­дай-ақ құқықтық сауат­тылықты қа­лып­­тастыру және қо­ғам­­да кон­ститу­циялық құн­ды­лық­тарды насихаттау ісінде мемле­кет­тік институттар мен медиа­ның күш-жігерін біріктірудің ма­ңыздылығы аталып өтті.

Кездесу соңында тараптар қол қойылған меморандум аясында бір­лескен ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды өткізуге келісті.

Кездесуге Конституция­лық Соттың судьялары, аппа­ратының басшылық құрамы және клуб мүшелері – «Хабар» телеарнасының директоры Жайнагүл Төлемісова, «Қазақ газеттері» ЖШС бас дирек­торының орынбасары Қамбар Ахмет, «Абай» телеар­на­сы­ның директоры Еркін Мұ­хамеджанов, «Qazcontent» АҚ төрағасы Айна Задабек, Бас редакторлар клубының атқарушы директоры Бибігүл Құламан қатысты.