
Ол 3 жасынан бастап математикаға қызыққан. Сол кезде-ақ көбейту кестесін жатқа білген. Кейін 7-сыныпта өз жобаларын қолға алып, ғылыми жұмыстармен айналыса бастаған. Кейін Массачусетс технологиялық институтында қашықтан білім алады. Бұл – әлемдегі ең беделді университеттердің бірі. Жас өнертапқыштың ерекше қабілеті мен ойлау жүйесінің ауқымдылығына әлемдік деңгейдегі алпауыттар – «Microsoft» пен «NASA» назар аударып, Тимурды өз жобаларына қатысуға шақырған.