
Ол бүкіл әлем бойынша өткен жарысқа қатысып, 5 мыңнан астам қатысушының арасынан суырылып шығып, 69 мың есепті қателеспей шешкен. Ментальді арифметика – баланың ойлау жүйесін, есте сақтау қабілетін және концентрациясын дамытуға арналған білім жүйесі. Бұл әдіс бойынша оқыған бала сананы визуалды түрде жаттықтырып, калькулятордан да жылдам есептеу дағдысына ие болады. Азамат дәл осы әдісті толық меңгеріп, зеректігі мен тапқырлығының арқасында бүкіл әлемді аузына қаратқан.