Табиғат • 30 Мамыр, 2025

Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа 25 рет түскен

Фото: Видеоскрин. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

2025 жыл басталғаннан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) фототұзаққа 25 рет түскені тіркелген.

Фототұзақтар арқылы тұрақты мониторинг жүргізу – жануарлардың белсенділігін, қозғалыс бағыттарын, мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді әрі мекендеу аумақтарын анықтауға және табиғи факторлардың популяцияға әсерін бағалауға септеседі.