Қоғам • 30 Мамыр, 2025

Қазақстанға еңбек мигранттары қай елден көп келеді

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылдың 1 мамырдағы есебінше, Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 283  шетел азаматы еңбек етіп жүр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға еңбек мигранттары қай елден көп келеді

Фото: gov.kz

Шетелден жұмыс күшін тартуға болатын мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 567 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 379 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшін (ШЖК) негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олардың саны - 4 392 және 1 037 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 271 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 637 адам тартылған.  

Қазір елімізде ШЖК пайдаланатын 1 808 жұмыс беруші тіркелген. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 027 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 271 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 329 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам.

Ал Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер қатарында Қытай ( 5 054 адам), Өзбекстан (1 926 адам), Түркия (1 079 адам), Үндістан (1 078 адам) бар. 

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін мәлімдеді. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген. Ал осы жылдың наурыз айынан бастап бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты сала министрінің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылған.