
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Атап айтсақ, балаларды жалған тіркеу арқылы қатысу көрсеткіштерін жасанды түрде көбейтіп көрсету, 164 секцияда сабақтардың санитарлық талаптарға сай келмейтін пәтерлерде, жертөлелерде және тұрғын үй-жайларда өткізілуі, 6 өңірде бұрын сотталған адамдардың балаларды оқытуы бойынша 20 жағдайдың тіркелуі, сондай-ақ жүйеде тіркелгенімен, нақты сабаққа қатыспаған 8 мыңнан астам баланың анықталуы. Бұл фактілер алаяқтықтың, жалған есеп жүргізудің және бюджет қаражатын жымқырудың орын алу ықтималдығын көрсетеді.
Осыған байланысты, балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы жағдай жасау және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жаңа бірыңғай ваучер жүйесі пилоттық түрде енгізіледі.Осыған байланысты, балалар үшін қауіпсіз әрі сапалы жағдай жасау және қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе қалаларында жаңа бірыңғай ваучер жүйесі пилоттық түрде енгізіледі.
«Жаңа жүйенің басты қағидаты – ваучер білім беру ұйымына емес, тікелей балаға беріледі. Бұл баланың спорт, өнер және білім беру бағыттары арасында еркін ауысуына мүмкіндік береді және бұрынғыдай қайта кезекке тұру немесе қаржыландырудан айырылып қалу жағдайларын болдырмайды. Платформаны әзірлеу барысында әр өңірдің ерекшелігі мен шығармашылық, спорттық және білім беру қызметтерініндегі айырмашылықтар ескерілетін болады», делінген хабарламада.
Ваучердің екі түрі қарастырылған:
- Нысаналы ваучер – мемлекеттік мекемелерге арналған, кезексіз беріледі;
- Әмбебап ваучер – eGov.kz порталы арқылы ата-аналар таңдайтын жекеменшік немесе мемлекеттік емес ұйымдарға арналған. Мұнда кезек баланың жасы мен әлеуметтік мәртебесіне байланысты қалыптасады.
Айта кетейік жаңа жүйеде қауіпсіздік пен сапаға ерекше назар аударылған. Үйірмелер мен секциялар санитарлық және өртке қарсы нормаларға сай болуы, бекітілген бағдарламалармен жұмыс істеуі және білікті мамандарды тартуы міндетті. Балалардың қатысуы цифрлық түрде күн сайын тіркеледі, ал қаржыландырудың ашықтығы арнайы платформа арқылы бақыланады.
Пилоттық жобаны Мәдениет және ақпарат министрлігі, Туризм және спорт министрлігі – спорттық секциялар, Оқу-ағарту министрлігі, және Цифрлық даму министрлігі бірлесе отырып жүзеге асырады.
Бұл реформа балалардың мүддесін қорғауға, қызмет сапасын арттыруға және бюджет қаржысының тиімді әрі әділетті бөлінуіне бағытталған. Егер пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, болашақта бұл жүйе бүкіл ел аумағында қолданысқа енгізілуі мүмкін.