Пікір • 30 Мамыр, 2025

Форум тақырыбы кәсіби мүддемізге сай келеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық форумы – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды іс-шара. Ол әртүрлі елдердің сарапшылары арасында сындарлы, ашық диалог жүргізуге арналған платформаға айналып отыр. Әлбетте маңызды салалар мен бағыттарда халықара­лық ынтымақтастықты қолдайды.

Форум тақырыбы кәсіби мүддемізге сай келеді

Форум сессиялары тұрақ­ты даму мен экологиялық жауапкершілік, технология­лық инновациялар, экономика және қаржы сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Бұл тақырыптар біздің кәсіби мүдделерімізге толық сай келеді. Халықаралық экономикаға интеграциялану, өндірісте инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу – біздің бас­ты басымдықтарымыз. Осы міндеттерді шешу жолдарын іздейтін форумға қатысу біз үшін құнды тәжірибе болды.

Бүгінде Степногорск подшипник зауыты қуатты өнді­рістік кешен мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі жетекші подшип­ник өндірушілерінің бірегейіне айналды. Біз машина жасау саласын­дағы әлемдік ірі компаниялар­дың тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті жаңғыртуды жалғастырып келеміз. Жет­кізу географиямыз Еуропаны, ЕАЭО елдері мен Африканы қамтиды. Дегенмен кеңею үшін әлі де айтарлықтай әлеует бар. Форум алаңы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен жаңа серіктестік байланыстар орнатуға зор мүмкіндік береді.

 

Александр Москаленко,

«Степногорск подшипник зауыты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы