
Бүгінде АХФ энергетикадағы бетбұрыс, экономиканы әртараптандыру және климаттың өзгеруіне төзімділік бағытындағы саясаттарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Аталған салалардың барлығында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) белсенді жұмыс істеп келеді.
Қазақстандағы ең ірі әрі техникалық тұрғыдан дамыған мұнай-газ жобаларының бірі ретінде Қарашығанақ жобасы елдің энергетикалық қауіпсіздігі, өнеркәсіптік дамуы және қоршаған ортаны қорғау сияқты салаларда ерекше орын алады. 2024 жылы КПО БҰҰ-ның беделді бастамасы – мұнай-газ секторының метан шығарындыларына қарсы күрес жөніндегі серіктестік (OGMP 2.0) бағдарламасына қосылды. Мен энергетика болашағы жауапты әріптестікте екеніне нық сенемін және бұл бағытта Қазақстан көш бастап тұр. КПО Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына – жергілікті қамтуды барынша арттыру және инфрақұрылымды жаңғыртудан орнықтылыққа бағытталған бастамаларды ілгерілетуге дейін – нақты үлес қосып келе жатқанын мақтан тұтады. Бұл жұмыстардың барлығы – КПО-ның ұзақмерзімді «КПО 365» стратегиясының ажырамас бөлігі.
Марко Марсили,
Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының бас директоры