Пікір • 30 Мамыр, 2025

Түсінісе білу – тұрақтылық кепілі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана халықаралық фору­мына қатысып отырғаныма ерек­ше қуаныштымын. Біз өте қызық, бірақ күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз.

Түсінісе білу –  тұрақтылық кепілі

Әлем мем­лекеттері арасындағы сенім әлсі­реп, геосаяси шиеленістер күшейіп, диалогтің орнына үнсіздік жайлап барады. Осындай кезде Қазақстан ұйымдастырып отырған мұндай форумдар – шын мәнінде стратегиялық маңызы бар бастама.

Астана форумы қатардағы пікір алмасу алаңы емес. Бұл – әлем­дік сенімді қалпына келтіру жолын­дағы нақты қадам. Мұнда Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік өкілдері бір үстел басында отырып, ашық сөйлесе алады. Қазіргідей фрагменттелген, яғни бөлшектеніп кеткен әлемде осындай диалог алаңдары маңызға ие болып отыр.

Мен үш жыл бұрын саясаттан кеткен соң, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллект саласында жұмыс істеп келемін. Қазір өзім басқаратын компания мемлекеттер мен маңызды инфрақұрылымдарды кибершабуылдардан қорғау үшін әлем­нің әр түкпірінде жұмыс істей­ді. Саясат сахнасынан кетсем де жаһандық үрдістерге бейжай қарай алмаймын.

Себебі бүгінгі әлем сенім дағ­дарысына ұшыраған. Бұл дағ­дарыс­тың шешімі – кездесіп, ашық диалог орнату. Бір-біріміз­ді тыңдай алу, түсіне білу – болашақ­тағы тұрақтылықтың кепілі. Осы тұрғыдан алғанда, Астана халық­аралық форумы – мемлекеттерді қайта жақындастыратын, сенімді қайта оятатын бірегей платформа.

 

Себастьян Курц,

Аустрияның экс-канцлері, кәсіпкер