
«Mecha Fighting Series» деп аталған бұл жарысқа «Unitree Robotics» компаниясының G1 гуманоидтары қатысты. Жекпе-жектер әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді. Финалда қара дулыға киген робот жасыл дулығалы қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен. Турнир барысында төрт түрлі операторлар тобы роботтарды қашықтан басқарып отырған. Роботтар түрлі соққыларды шебер орындаған. Құлап қалған кезде олар өздігінен орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырған.